Қоғам
«Жұлдызай-2025» Ұлттық Инклюзивті ойындары аяқталды

Астанада еліміздің барлық өңірінен келген ерекше білім беру қажеттіліктері бар 500 жас спортшыны біріктірген «Жұлдызай-2025» Ұлттық Инклюзивті ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қызу бәсекенің нәтижесінде жалпыкомандалық есепте орындар келесідей бөлінді:
1-орын – Алматы қаласының құрама командасы
2-орын – Астана қаласының құрама командасы
3-орын – Қарағанды облысының құрама командасы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты марапаттарға ие болып, барлық қатысушыларға қатысушы дипломдары табысталды.