Елорда тынысы

«Esil RUN»: жүгіру маусымының ашылуы өтеді

Елордада «Esil RUN» жазғы жүгіру маусымының ашылуы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елорда тұрғындары мен қонақтары «Заң және тәртіп» акциясы аясында ұйымдастырылатын «Esil RUN» жазғы жүгіру маусымының ашылуына шақырылады.

Іс-шара 2026 жылғы 11 сәуірде Ботаникалық саябақта (Орынбор көшесі жағынан) өтеді. Жарыстың жалпы қашықтығы – 4 шақырым.

Қатысушыларды тіркеу жарыс күні, яғни 11 сәуірде таңғы сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін жүргізіледі. Жүгіру жарысының басталуы – сағат 09:00.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – биылғы жүгіру маусымының алғашқы жарысы.

«Қатысу тегін. Қатысушылар саны 1500 адаммен шектеледі. Белгіленген лимитке жеткен жағдайда тіркеу алдын ала жабылады», – дейді Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға естелік медальдар табысталып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Айта кетейік, «Esil RUN» жүгіруі Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық спорт басқармасы мен Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button