Қоғам

ЖОО мен колледж студенттері арасында сайыс ұйымдастырылды

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында үстел теннисінен Өндіріс дене шынықтыру сауықтыру кешенінде университет және колледж студенттері арасында сайыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бәсекеге Еуразия ұлттық университеті, Esil университеті, Астана медицина университеті, «Шипагер» медициналық колледжі, «Тұран» колледжі, Қазтұтыну одағының жоғары колледжі, Республикалық медицина академиясы қатысуға ниет білдірді.

«Заң мен тәртіпті сақтау еліміздің тұрақтылығына, ынтымақтастықты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жарыс алаңы спортшыларды біріктіреді, жолдастықты нығайтады және салауатты өмір салтының маңыздылығын көрсетеді. 2025 жылы «Заң мен тәртіп» акциясы аясында 35 шара өткен еді. Биыл да ауданымыздағы барлық санатты қамтып, лекция, дөңгелек үстел және т.б түрлі шаралар арқылы ұйымдастырылып жатыр», — деді Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұрислам Батырбек.

Командалық форматта өткен турнирде қатысушылар екі топқа бөлініп, жеңімпаздар плей-офф кезеңінде анықталды.

«Кішкентай кезімнен бері үстел теннисін ойнап келемін. Осы уақытқа дейін көптеген жарыстарға қатыстым. Мұндай турнирлердің басты артықшылығы — мықты қарсыластармен ойнап, өз деңгейіңді бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қателіктермен жұмыс істеуге жол ашады. Бүгінгі жарыс та жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын», – деді «Тұран» колледжінің студенті Арлан Бисекенов.

Жарыс қорытындысы бойынша, жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен және арнайы медальдармен марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button