Жол жөндеу қарқыны жоғары

Жаз шыққалы бері Астанада жолдарды жөндеу және салу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осыған байланысты бірқатар көшеде қозғалыс уақытша шектеледі.
Жаз шыққалы бері Астанада жолдарды жөндеу және салу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осыған байланысты бірқатар көшеде қозғалыс уақытша шектеледі.
алалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, 25 шілдеге дейін Сығанақ көшесі бойынша – Арыс көпірінен Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.
16 тамызға дейін Ұлы дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында инженерлік желілерді: су құбырларын, нөсер және тұрмыстық кәріздерді кесу жұмыстары жүргізіледі.
16 қазанға дейін №108 LRT станциясында құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарланып отыр. Осыған байланысты Қабанбай батыр даңғылы учаскесінде – Ұлы дала даңғылынан Бұқар жырау көшесі бағытында қозғалыс ішінара шектеледі: жүру бөлігі бір жолаққа дейін тарылады. Кері бағытта қозғалыс өзгеріссіз қалады.
Жаңа жол-құрылыс маусымында аудан әкімдіктерінің тізіміне енген көшелерді жөндеу жоспарлануда. Алдағы жолдарды салу және жөндеу жоспарына Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы барлық көшені қоса алмады. Бұл мақсатқа бастапқыда 2025 жылы 7 млрд теңге бөлінсе, өткен жылы – 96 млрд, оның ішінде инфрақұрылымды дамытуға – 51,3 млрд, орташа жөндеуге 44,7 млрд теңге қарастырылған. Ведомство бірінші нақтылауда жергілікті бюджеттен қосымша 20 млрд теңге бөлу көзделгенін, жыл соңына дейін тағы 17,8 млрд теңге қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар республикалық және жергілікті бюджеттен тағы 43 жаңа нысанға, атап айтсақ, жаңа көшелер, бағдаршамдар, жаяу жүргіншілер өткелдері, тротуарлар және инженерлік желілер жүргізуге, сондай-ақ, 14,7 км автомобиль жолдарының құрылысына қаражат бөлінді.
Бытығай тұйық көшесінің, Қ.Қайсенов көшесінің, 37-көшенің, Тәуелсіздік даңғылының екінші кезегіндегі, сондай-ақ «Мирный» және Е16 ТК ауданындағы жол-құрылыс жұмыстарын бастау жоспарда тұр. Үркер тұрғын алабында бағдаршамдар орнатылып, тротуарлар салынады. Ведомствода басталған 18 нысанды, оның ішінде Ш.Бейсекова көшесі мен Н.Тілендиев даңғылының қиылысындағы көлік айырығын аяқтау, сондай-ақ жеті нысандағы: 306-көше, «Sat city» ТК жанында, Есіл өзенінің жағасындағы баспалдақ жиындары, Тәуелсіздік, Р-1 жолы (Е542 көшесінен 229-ға дейінгі учаскеде), «Нұрлы» және «Сарын» кооперативтерінде жүргізіліп жатқан жол жұмыстарын аяқтау көзделіп отыр.
Бес проблемалық учаскеде, атап айтсақ, Бұқар жырау, Абайдың 150 жылдығы, Орынбор, 27-көше және Әйтеке биде құрылыс қайта басталады. Алдағы уақытта Көктал, Оңтүстік-шығыс (сол жағы) және Теміржол тұрғын алаптарында жол салу жоспарланған.
Интернациональный және Мичурин тұрғын алаптарында электрмен жабдықтаудың сыртқы желілері жүргізіледі. Жөндеу мен құрылысқа байланысты жол-көлік шығынына екі бюджеттен 26,2 млрд теңге қарастырылғаны белгілі. Алайда бұл қаражат ведомствоның барлық жоспарын жүзеге асыруға жеткіліксіз болуы мүмкін. Бюджетті нақтылау кезінде қосымша қаржыландыру қарастырылуы мүмкін.
Өткен жылы ұзындығы 13 км болатын 38 нысан іске асса, биыл қаланың барлық 6 ауданында және тұрғын алаптарында адам көп жүретін көшелер мен жолдарға орташа жөндеу жүргізіліп, жол белгілері қойылды.
Нұра ауданында ұзындығы 14,7 км болатын 10 көшеде, нақтырақ айтсақ, Атырау, Ш.Айтматов, Домалақ ана, Гауһартас, Д.Қонаев көшелерінде, сондай-ақ Орталық саябақта, «Сарыарқа» СҮ-де, Қорғалжын тасжолы мен Тұран даңғылында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Есіл ауданында ұзындығы 18,55 км 9 көше, оның ішінде Нұржол бульвары, Ұлы дала даңғылы, М-3 автомобиль көпірі, Сығанақ – Мәңгілік ел бойынша көлік айырығы, Ш.Мұртаза, Достық – Д.Қонаев, Алматы, Сығанақ, Керей-Жәнібек хандар көшелері орташа жөндеуді қажет етеді.
Алматы ауданының аумағында ұзындығы 13,5 км 8 көшеге: А.Петров, Қ.Мұңайтпасов, М.Жұмабаев, Қ.Жалайыри, Балқантау көшелерін, сондай-ақ Тәуелсіздік даңғылын – Б.Момышұлы даңғылынан Қ.Мұңайтпасов көшесіне және Р.Қошқарбаев даңғылына, Абылай хан даңғылына – Б.Момышұлы даңғылынан Манас көшесіне, содан кейін А.Пушкин көшесінен Манас көшесіне дейінгі учаскелерді асфальттау қажет. Б.Момышұлы-Қ.Сәтбаев көшесінен Абылай хан даңғылына дейін орташа жөндеу жүргізіледі.
Сарайшық ауданында жалпы ұзындығы 1,68 км көшеге, мәселен, Р.Қошқарбаев даңғылы – Тәуелсіздік даңғылынан
Қ.Аманжолов көшесіне дейін, Тәуелсіздік даңғылы – Ж.Нәжімеденов көшесінен Ш.Қалдаяқов көшесіне дейін, Ш.Қалдаяқов көшесі – Ж.Нәжімеденов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін жөндеу көзделіп отыр.
Сарыарқа ауданында Ирченко, М.Әуезов, С.Сейфуллин, А.Герцен, К.Байсейітова, Сарыбұлақ, Ә.Жангелдин, Жаңақоныс, Желтоқсан, Қарталы, Фахд бен Абдул Азиз, Ш.Бөкеев, С.Қожахметов, Бейбітшілік, Күршім көшелері, сондай-ақ Н.Тілендиев даңғылынан бастап 15 шақырымға созылған 17 учаске орташа жөнделеді.
Байқоңыр ауданында жалпы ұзындығы 12,93 км болатын 13 көшеде: Кенесары, А.Бараев, А.Кравцов, А.Иманов, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Тәшенев, Тараз, Ақбидай, Қ.Кемеңгерұлы көшелерінде, сондай-ақ Абай даңғылында – Республика даңғылынан Ә.Сембинов көшесіне дейін, Алаш тасжолында – 191-көшеден 69-көшеге дейін пайда болады, А.Бараев көшесінің жерасты өткелінде және А.Пушкин көшесінен «Социум» тұрғын үй кешеніне кіреберісте орташа жөндеу жүргізіледі.
Өткен жылы елорданың 50 көшесінде жалпы ұзындығы 58 км орташа жөндеу жүргізілді. 300 учаскедегі шұңқыр жерлер топырақпен толтырылып, жалпы ұзындығы 23 км болатын 25 көшеде тротуар, 9 аялдама, 150 пандус, сондай-ақ Н.Тілендиев даңғылы, 50, 50/1, «Urban» мектебі мен «Бөбек», «Мөлдір», «Арғымақ» балабақшалары маңындағы 6 тұрақ аймағы қайта жаңғыртылды.
Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ