Қоғам

Жол қауіпсіздігінің бірыңғай цифрлық платформасы TOR іске қосылды

Қазақстанда жол қауіпсіздігінің бірыңғай цифрлық платформасы TOR іске қосылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл жүйе елдегі жолдарда болып жатқан барлық оқиғаларды нақты уақыт режимінде жинақтап, реттеп көрсетіп отырады. Платформа ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған бірыңғай «цифрлық терезе» ретінде жұмыс істеп, жол жағдайын ұлттық деңгейде басқаруға, талдауға және үйлестіруге мүмкіндік береді.

TOR платформасы деректерді төрт негізгі көзден жинақтайды: қалалар мен тас жолдардағы стационарлық кешендерден, патрульдік полицияның мобильді бекеттерінен, дрондардан және өзге де қосылған жүйелерден.

Жүйе өңірлер, оқиға түрлері және уақыт кесіндісі бойынша талдау жасап, апат жиі болатын нүктелерді анықтауға, қауіпті жүргізушілерді тіркеуге, сондай-ақ үзіліссіз сегіз сағаттан артық көлік жүргізіп отырған тұлғаларды бақылауға мүмкіндік береді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button