Елорда тынысы

Жол көрсеткен «joltap»

Астаналықтардың табысын арттыруға бағытталған JOLTAP жобасы өз жемісін беруде. Қала көшелерінде «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункт­т­е­рін­де жұмысқа орналасу, жұмысшы және цифрлық дағдыларды меңгеру, бизнес ашу және мемлекеттік қолдау аясында көмек (тұрғын үй, әлеуметтік жәрдем, гранттар және т.б.) мүмкіндіктері жайлы түсіндіреді.

Бұл жобаның аясында көптеген астаналықтар сатушы-кассир, бухгалтерлік есеп негіздері, тігінші, бариста, электр-газбен дәнекерлеуші, сәнгер-құрастырушы, корпустық жиһаз жасау негіздері, аяқ киім жөндеу және кілт жасау, Kaspi дүкенінде сауда жасау негіздері, автокөлік майын және шинасын ауыстыру маманы, полимерлі ұнтақпен бояу маманы, Wildberries-те сауда жасау негіздері секілді және т.б. мамандықтар бойынша қысқамерзімді курстардан өтіп жатыр. Курсқа 18 бен 50 жас аралығындағы елордалықтар тіркеліп, цифрлық және жұмысшы мамандықтарды тегін оқи алады.

«Бұл – өте пайдалы әрі тегін жоба. Осындай жобаны ұйымдастырып отырған елорда әкімдігіне алғысым шексіз. Курстың арқасында жаңа ортаға тап болдым. Жаңа адамдармен таныстым. Біз бір-бірімізге мотивация бердік. Әдемі атмосферада тың идеяларды талқыладық. JOLTAP тек білім ғана емес, шабыт мен қолдау сыйлайтын орта» деді елордалық Әзиза Баубекова.

«Бұл жоба жайлы Instagram желісінен оқыдым. Онда аз уақытта жаңа мамандықты тегін оқытатыны жайлы жазылған. Содан «Неге оқымасқа?» деген ой келді. Сөйтіп, оларға қоңырау шалып, орналасқан мекенжайларын білдім. Келесі күні үйімнің қасына жақын тұрған модульдік пунктіне барып, маманнан ақпарат алып, Kaspi дүкенде сауда жасау негіздері бойынша курсқа тіркелдім. Курс барысында бізге оқытушылар осы тақырыпта барлық мәліметті қарапайым тілде түсіндірді. Сондай-ақ барлық сауалымызға жауап беріп отырды. Оқу кезінде тео­рия мен практиканы ұштастырдық» деді жобаға қатысушы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button