Ел тынысыСаясат

Жобаның негізгі бағыттары түсіндірілді

Жалпыұлттық коалиция өкілдері Нұрлан Нұрмағанбетов пен Бибігүл Искакова елордадағы «LC Group.kz» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, оның азаматтық құқықтарды қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді нығайтудағы рөлі түсіндірілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауға бағытталған. Ол әлеуметтік кепілдіктерді заң тұрғысынан бекітіп, әрбір қызметкердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді», – деді «Respublica» партиясының өкілі Нұрлан Нұрмағанбетов.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясының белсендісі Бибігүл Искакова да жаңа Конституция жобасында азаматтардың құқықтары туралы айтты.

«Конституциялық реформалар құқықтық өзгеріс қана емес, сонымен бірге қоғамдағы әрбір адамның өз пікірін білдіруіне, өз құқықтарын қорғауына жағдай жасайды», – деді «AMANAT» партиясының белсендісі Бибігүл Искакова.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, спикерлермен пікір алмасты.

Аталған кәсіпорын лифттерді және эскалаторларды жеткізу, орнату бағытында қызмет көрсетеді. 40-қа жуық адам еңбек етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button