Қоғам

Жетістіктері мол жыл болды

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

 Баршаңызды келе жатқан 2026 Жаңа Жылқы жылымен шын жүректен құттықтаймын!

Дана халқымызда «Ескі жыл есіркей көр, жаңа жыл жарылқай көр» деген ұлағатты сөз бар. Ендеше, өтіп бара жатқан жылға ешкімнің де өкпесі жоқ болар. Еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Ең басты байлығымыз — елдің ынтымағы мен бірлігі бекем болды. Соның арқасында ішкі және сырты саясатта тұрақты даму бар.

 Елдің ертеңге деген сенімі артты. Азаматтарымыз Әділетті қоғам, Адал еңбек, Адал табыс, Адал азамат атты асыл құндылықтарымен қайта табысып, оны өмір салтына айналдыруда. Заманында даңықты бабабыз Күлтегін қаған «Бегі халқына, халқы бектеріне сенген ел ұзақ жасайды» деген екен. Елдігіміз еңселі болғай.

 Жаңа Жылда бір бірімізге деген сый-құрметіміз,ынтымақ-берекеміз және парасаттылығымыз бен жасампаздығымыз арта берсін. Баршамызға Жаңа жыл жайлы болсын.

 Зұлфухар Ғайыпов,

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы,

Президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі                

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button