Ел тынысы
Жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 91%-ға жетті

2025 жылы көлік саласының негізгі көрсеткіштері тұрақты өсуді көрсетеді. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ол елдің транзиттік әлеуеті мен логистикалық мүмкіндіктері кеңейіп, қызмет көрсету сапасы артып келе жатқанын атап өтті. Осы жұмыс аясында бірқатар шаралар мен ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды.
«Жол инфрақұрылымын дамыту шеңберінде биыл 13 мың шақырым жол жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Бұл рекордтық көрсеткіш. Оның 4 мың шақырымы облыстық және аудандық жолдар. Жөндеу жұмыстарының нәтижесі бойынша жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы 91%-ды құрайды»,
— деді Нұрлан Сауранбаев.
Биыл «Қалбатау – Майқапшағай», «Ұзынағаш – Отар» және «Қызылорда – Жезқазған» жобалары аяқталатыны атап өтілді. Орташа жөндеу жұмыстары шеңберінде Жезқазған – Петропавл және Қарағанды – Қарқаралы республикалық жолдарында жөндеу жұмыстары аяқталды.



