Мәдениет

Жеңісті ұлықтаған бәйге

Елорда іргесіндегі «Қазанат» атшабарында жүлде қоры 120 млн теңгені құрайтын Astana Cup республикалық турнирі өтті. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен 100-ге жуық жүйрік қатысты.

Ат жарысының ашылу салтанатында ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Әлемдік деңгейдегі «Ұлы дала жорығы» бәсекесі басталды. Біз де айтулы шарадан қалыс қалмай, Астана төрінде Astana Cup бәйгесін ұйымдас­тырдық. Осы жарыспен биылғы ат спорты маусымын ашып отырмыз, – деді вице-министр Серік Жарасбаев.

Бәйге 6 түрлі қашықтық бойынша өтті.

Ұшқыр бәйге – 1200 метр: 1-орын – «Скайлер Блэйк» (шабандоз – Расул Алпысбай, бапкер – Магомет Каппушев, иесі – Марат Кушеров) – 5 млн тг; 2-орын – «Икарус» – 3 млн тг; 3-орын – «Амайя» – 2 млн тг.

Ұшқыр бәйге – 1600 метр: 1-орын – «Мэрайя» (шабандоз – Күрімбек Дидарбек, иесі – Владимир Старых) – 5 млн тг; 2-орын – «Хакан» – 3 млн тг; 3-орын – «Шардара» – 2 млн тг.

Ұшқыр бәйге – 1800 метр: 1-орын – «Нур Шатоя» (шабандоз – Күрімбек Дидарбек, иесі – Қайрат Жұмағалиев) – 5 млн тг; 2-орын – «Пионер Пак» – 3 млн тг; 3-орын – «Фат Ир» – 2 млн тг.

Ұшқыр бәйге – 2000 метр: 1-орын – «Флэтчер» (шабандоз – Расул Алпысбай, иесі – Марат Кушеров) – 15 млн тг; 2-орын – «Кип Голд» – 10 млн тг; 3-орын – «Ел Орда» – 5 млн тг.

Топ бәйге – 12 шақырым: 1-орын – «Байдик» (шабандоз – Диас Жартыбай, иесі – Ардақ Сарсекеев) – 15 млн тг; 2-орын – «Бәйтерек» – 10 млн тг; 3-орын – «Найза» – 5 млн тг.

Аламан бәйге – 18 шақырым: 1-орын – «Қарлығаш» (шабандоз – Амир Сералы, иесі – Мейрамхат Искаков) – 15 млн тг; 2-орын – «Көкдауыл» – 10 млн тг; 3-орын – «Тасқын» – 5 млн тг.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button