Мәдениет

Жеңіс жауынгерлері және жас ұрпақ

Ұлттық музейде Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің «Шаңырақ» жобасы аясында Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс жауынгерлері» атты музейлік сабақ өтті.

Іс-шараның мақсаты – Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, халқымыздың жауынгерлік қасиеттері мен тылдағы ерлігін үлгі ете отырып, жас ұрпақтың бойында елжандылық пен патриотизмді қалыптастыру, сондай-ақ тарихи жадымыз­ды сақтау.

Сабақ Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батыр аталар мен апалардың рухына тағзым ету және бір минут үнсіздікпен басталды. Аталған іс-шараға Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназияның «Жас сарбаз» клубының тәрбиеленушілері, Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары және Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында Ұлттық музейдің ғылыми қыз­меткері, әскери-тарихи диорама миниатюраларын жасаушы тарихшы-моделист Серік Абдрахманов өз қолымен жасаған диорамаларды оқушыларға таныс­тырды. Оқушылар Жеңіс туралы патриоттық өлеңдер оқып, клубтың тәрбие­ленуші қыздары қарумен дефиле көрсетіп, автоматты шашып-жинау бойынша шеберліктерін ортаға салды.

«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ақтоты Маратқызы қозғалыстың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, азаматтық белсенділікті және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру екенін атап өтіп, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Ұлттық музейдің Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ғылыми қызметкері Гүлжанат Қажақанқызы ұлы Жеңіс тек әскери жетістік емес, рух пен батырлықтың, жанқияр­лық пен елдіктің символы екенін, 80 жыл өтсе де, бұл Жеңіс халық жадында мәңгі сақталатынын, қаһармандарға құрмет көрсету азаматтық борышымыз екенін айтты.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button