Жеңіс туын тіккен күн

Ұлы Отан соғысының батыры, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылы 30 сәуірде Рейхстагқа қызыл ту тігіп, алғаш рет Жеңістің жалауын желбіретті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Осы тарихи оқиғаға орай Астана қаласы Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің қолдауымен, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының «Ұрпаққа аманат» зияткерлік клубы мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен батырға тағзым ету, ерлігін еске алу іс-шарасы өтті.
«Бүгін – қазақтың ержүрек батыры, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен тарихи күні. Бұл – халқымыздың батырлық рухының, ел үшін жан аямай күрескен ерлердің өшпес ерлігінің нышаны. Рақымжан атамыздың ерлігі – тек тарих бетінде емес, жүректе сақталатын, ұрпаққа өнеге болатын ұлы мұра. Сондықтан бүгінгі жастар үшін бұл ерлік – елге қызмет етудің, намысты бәрінен жоғары қоюдың нақты көрінісі» деп атап өтті Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Марат Мұстафин.