Құқық

Жеңіл ақшаның салдары ауыр

Астанадағы Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейде 9-11-сынып оқушылары мен колледж студенттеріне арналған бірыңғай «Жеңіл ақшаның салдары ауыр» атты қысқаметражды фильм көрсетілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Басты мақсат – білім алушылардың қаржылық алаяқтық, соның ішінде дропперлік қызметтің мәні мен оның құқықтық салдары туралы түсінігін қалыптастыру, «жеңіл ақша» ұғымының астарындағы қауіпті ұғындыру, заңға қайшы әрекеттерге саналы түрде қарсы тұру дағдысын дамыту. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауатын арттыру, жеке жауапкершілік сезімін күшейту және күмәнді қаржы ұсынысына сыни көзқарас қалыптастыру. Көрсетілімнен кейін оқушылармен пікірталас ұйымдастырылды. Жастар фильм кейіпкерінің іс-әрекетіне өз бағасын беріп, мұндай жағдайлардың алдын алу жолдарын талқылады.

– Қазіргі уақытта қылмыстың түрлері көбейіп, оның ішінде киберқылмыс, алаяқтық, зорлық-зомбылық сияқты жағдайлар жиі кездесуде. Сондықтан мұндай қауіптердің алдын алу үшін жасөспірімдердің құқықтық білімін арттыру аса маңызды. Сондықтан оқушылар арасында құқықтық сауатты арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылуда. Аталған кездесуге полиция қызметкерлері шақырылып, олар оқушыларға өз құқығы мен міндеті туралы кеңінен түсіндіру жұмысын жүргізді. Сонымен қатар қазіргі таңда қоғамда кездесетін қылмыс түрлері, олардың себеп-салдары және одан сақтану жолдары туралы нақты мысалдар келтіріліп, түсіндірме берілді, – деді Астана қаласы әкімдігіне қарасты Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Арман Тоғызбаев.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button