Қоғам

Желтоқсан – тәуелсіздіктің рухы

Мереке қарсаңында Астана қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №10 көпшілік кітапханасы мен №42 жалпы орта білім беретін мектептің ұйымдастыруымен «Желтоқсан – тәуелсіздіктің рухы» атты кездесу кеші өтті.

Желтоқсан оқиғасының куәгерлері, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан ардагерлер Әбілқайым Сайдоллаұлы, Гүлмира Дәулетбайқызы және Сағадат Бердібекқызы өздерінің естеліктерімен бөлісіп, жастарға сол бір тарихи кезеңнің қиындықтары, ел үшін төгілген тер мен қанның құнын түсіндірді. Ал оқушылар Қайрат пен Ләззаттың монологын сахналап, Желтоқсан оқиғасына арналған өлең оқып, күй тартып, би мен ән орындады. Кеш соңында барлық қатысушы бірігіп «Атамекен» әнін орындап, ел тәуелсіздігі үшін күрескен ерлердің рухына тағзым етті.

– Еліміздің тәуелсіздігі үшін күрес жолындағы маңызды кезеңнің бірі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Бұл тек қазақстандықтардың ғана емес, бүкіл Кеңес Одағындағы халықтардың өздерінің еркіндігін, тәуелсіздігін аңсаған күрес болды. Сондықтан осы іс-шараның басты мақсаты – жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру, Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын түсіндіру және ұлт тарихына деген құрметті дамыту. Өйткені тәуелсіздік – халқымыздың мыңдаған жылдар бойы арман еткен асқақ мұраты, ал сол тәуелсіздіктің мәнін білу мен бағалау – әр азаматтың парызы, – деп атап өтті №10 көпшілік кітапхананың аға кітапханашысы Әсел Омаш.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button