Ел тынысыСаясат

Жекпе-жек сарайы ұжымымен жүздесті

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы қалалық штаб мүшелері Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының ұжымымен жүздесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Ашық әрі мазмұнды әңгіме барысында алдағы конституциялық өзгерістердің спорт пен жастар саясатына тигізер ықпалы талқыланды.

-Сөз арасында жаңа конституциялық үлгіде адам, оның өмірі, денсаулығы мен дамуы ең жоғары құндылық ретінде айқындалатынын атап өттім. Бұл спорт қауымдастығы үшін бұқаралық және кәсіби спортты жүйелі қолдау, инфрақұрылымды нығайту, медициналық сүйемелдеуді дамыту және чемпиондар тәрбиелеуге қолайлы жағдай жасау дегенді білдіреді. Спортшылардың әлеуметтік кепілдіктері, балалар мен жасөспірімдер спортына қолдау көрсету, инфрақұрылымға тең қолжетімділік пен қаржыландырудың ашықтығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ел намысын асқақтатып жүрген спорт өкілдеріне белсенді ұстанымы, мемлекет беделін нығайтуға қосқан үлесі және өз ісіне адалдығы үшін алғысымды білдіремін. Спорт — қуатты мемлекеттің берік тірегі, — дейді қалалық штаб төрағасы Ерлан Каналимов.

Спорт — ел рухы мен тәртіптің мектебі. Кездесуде қатысушылар спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың рөліне назар аудартып, заңнамалық нормалардың бұқаралық және кәсіби спортты дамытуға ықпалын сөз етті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button