Басты ақпаратҚоғам

Жекеменшік мектептер мәселесі алаңдатады

«Ақ жол» демократиялық партиясына жекеменшік мектептердің өкілдері жүгінуде. Олардың айтуынша, соңғы айларда бұл салада мемлекеттік органдар тарапынан жедел шешімді қажет ететін күрделі және қарама-қайшы жағдай қалыптасты.

Республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге нысаналы трансферттер түрінде қаржыландыру функция­сы берілгеннен кейін, өңірлерде бюрократиялық кідірістер, кассалық алшақтықтар және төлемдердің біркелкі еместігі байқалды.

Бүгінде елде 800-ден астам жекеменшік мектеп жұмыс істейді, онда 250 мыңнан астам бала білім алуда. Жекеменшік мектептер мемлекеттік сектордағы орын тапшылығын азайтып, елдің білім инфрақұрылымын толықтыруда маңызды рөл атқаруда.

Бұған дейін мемлекет же­кеменшік инвесторларға мектеп құрылысына жұмсалған шығынды сегіз жыл ішінде өтеуге міндеттенген еді. Алайда жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң жобасында бұл механизм алынып тасталды, бұл ин­весторлар мен кәсіпкерлер арасында орынды алаңдаушылық туғызуда. Көптеген кәсіпкер осы уәделерге сүйеніп мектептер салған және нысандардың мақсатты пайдалану түрін 25 жыл бойы өзгертпеуге келісімшарт жасаған, ал қазір инвестицияның қайтарылмау және банктер алдындағы қарыздардың өсу қаупі туындап отыр.

Қосымша қиындықтарды 2025 жылғы 3 қазандағы «Қаржы орталығы» АҚ хаттамалық шешімі туындатты. Аталған шешімге сәйкес, жекеменшік мектептерді қаржыландыру жобалық қуат шегінде ғана жүзеге асырылуы тиіс. Бұл шешім оқу жылы бас­талып кеткеннен кейін қабылданды, барлық келісімшарттар жасалып, балалар Ұлттық білім беру деректер базасына (ҰБДБ) енгізіліп қойған болатын. Нәтижесінде жекеменшік мектептердің балаларды шығарып тастауға заңды негізі жоқ, ал мемлекеттік мектептерде оларды қабылдауға орын жетпейді. Бұл жағдай оқу процесінің үздіксіздігіне және балалардың білім алу құқығына нақты қауіп төндіруде.

Сонымен қатар, қараша және желтоқсан айларындағы төлемдер қазан айындағы көлем бойынша есептелуде, яғни нақты оқушылар саны ескерілмейді. Мұндай тәсіл «ақша оқушының артынан жүреді» қағидатына қайшы келеді. 2025 жылы ата-аналар төлемінің шекті мөлшері 250 айлық есептік көрсеткіш болып белгіленді. Бұған дейін бұл көрсеткіш 1000-1200 аралығында болған, жалпы бұл көрсеткіш төрт есеге қысқарды, сондықтан кәсіпкерлер тарапынан орынды алаңдаушылық туындауда.

Осындай қиындықтар жеке­меншік балабақшаларда да байқалуда. Олардың айтуынша, 2022-2025 жылдары коммуналдық қызметтердің құны екі еседен астам өсті, салық жүктемесі артты, ал еңбекақы мен ағымдағы шығындар айтарлықтай көбейді. Бұл жекеменшік балабақшалардың қаржы тұрақтылығына және балаларға сапалы жағдай жасау мүмкіндігіне қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясы мынадай мәселелерді қарастыруыңызды сұрайды:

  1. 2025 жылғы 3 қазандағы «Қаржы орталығы» АҚ хаттама­лық шешімінің жобалық қуат бойынша шектеуін ағымдағы оқу жылының соңына дейін тоқтата тұру;
  2. Жекеменшік мектептердегі оқушылардың нақты контингенті негізінде (ҰБДБ деректерімен) бірыңғай стандарт арқылы толық әрі уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз ету;
  3. Бұрынғы ережелермен са­лынған мектептер үшін амортизациялық шығындарды өтеу механизмін қалпына келтіру және тиісті нормативтік актілер мен әдістемелердің толық тізбесін ұсыну;
  4. «Білім туралы» заңда қар­жыландырудағы өзгерістер тек жаңа оқу жылынан бастап күшіне енетіні туралы норманы бекіту;
  5. Жекеменшік балабақша­лар үшін жан басына қаржыланды­ру көлемін көбейтуді қарастыруы­ңызды сұраймыз.

 Олжас НҰРАЛДИНОВ,

Мәжіліс депутаты

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button