Ел тынысы

Жеке тұлғалар үшін несиені мерзімінен бұрын өтеу жеңілдеді

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылғы 31 тамыздан бастап жеке тұлғалар үшін несиені мерзімінен бұрын өтеу кезінде айыппұлдар алынбайтынын жеткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл өзгеріс барлық банктер мен бұрын жасалған келісімшарттарға қолданылады.

Қарыз толық немесе ішінара өтелуі мүмкін. Ішінара өтеу кезінде клиент ай сайынғы төлемді азайта алады немесе несиенің жалпы мерзімін қысқартуға құқылы.

Банктер өтеу шарттарын (ең төменгі сома, өтініш беру мерзімі және т.б.) өздері белгілей алады. Сондықтан бұл ақпаратты қаржы ұйымымен нақтылап алған жөн.

Заңды тұлғалар үшін айыппұлдар сақталады. Ал жеке тұлғалар үшін бұрын төленген айыппұлдар қайтарылмайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button