Жазушылар – Ақмола өлкесінде

Алматыдағы Жазушылар одағынан келген қонақтар Целиноград қаласының көрікті жерлерімен танысты. Салт-дәстүрлер сарайында болып суретке түсті. Содан соң оқырман қауыммен кездесу өткізді.
Бірінші қатарда отырғандар: жазушы Сайын Мұратбеков, Целиноград облыстық атқару комитетінде төрағаның орынбасары Светлана Жақияқызы Жалмағамбетова және әдебиеттанушы ғалым Рахманқұл Бердібаев.
Екінші қатарда: республикалық Жазушылар одағының хатшысы Әнуар Әлімжанов, қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Василий Осипенко, Целиноград облыстық Мәдениет басқармасының бастығы Борис Маевский, жергілікті Жазушылар одағының бастығы Нұрғожа Оразов.
Светлана Жақияқызы: «облыс орталығындағы кездесуден соң Атбасар ауданына барып, Есенберлиннің музейінде болдық және халықпен кездесулер өткіздік. Шамамен 1986-87 жылдар. Мен ол уақытта облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасарымын. Облыстық атқару комитетін Қасым Таукенов басқарған» деп еске алады.
Фото Астана қаласы Мемлекеттік архив қорындағы Б.Маевскийдің жеке архивінен
Ғазиза Исахан