Мәдениет

Жазушы жеке құжаттарын архивке табыстады

Астана қаласының мемлекеттік архиві жазушы, сценарист Ұларбек Нұрғалымның жеке құжаттарын қабылдады. Осыған орай «Архивке аманат» атауымен қаламгердің жеке тектік қорын ашу мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға қаламгердің замандастары, архив қызметкерлері қатысты. Кездесу тізгінін қолына алған Астана қаласы Мемлекеттік архивінің директоры Жангелді Бимолдин архивтің құндылығына тоқталды.

— Архив тек жеке тұлғалардың құжаттарын қабылдап қана қоймайды. Құндылығына сай ғасыр бойы сақтап, көнергені болса қайта қалпына келтіріп, ізденіс үстінде жүрген әр адамға қолжетімді болуын да қамтамасыз етеді, -деді ол.

Ал жазушының өзі осындай ізгі істі жүргізіп отырған архив қызметкерлеріне алғысын білдірді.

— Шығармашылық мұраны сақтауға, оны зерттеушілерге қолжетімді етуде архив ұжымының атқарар жұмысы екені даусыз. Азды-кем еңбегімізді елеп, қолжазбалар мен қолдағы құжаттарды табыстау сәті түскеніне қуаныштымын. Мұндай игілікті іс алдағы уақытта да жалғаса береді деп ойлаймын. Әлі де құжаттарды толықтыра түсемін, -деді Ұларбек Нұрғалымұлы.

Астана қаласының Мемлекеттік архиві ұлттық руханиятқа еңбек сіңірген қаламгерлердің өмір жолы мен мұрасын жүйелі түрде жинақтап, сақтау жұмысын жалғастыра бермек. Жазушы Ұларбек Нұрғалымұлының жеке тектік қоры – осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі болмақ…

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button