Қоғам

Жауынгерлер рухына тағзым

Астана қаласы Сарыарқа аудандық әкімдігінің қолдауымен Сарыарқа аудан­дық ардагерлер кеңесі «Astana polytechnic» жоғары колледжі студенттері арасында «Майдангерлерді ардақтайық» деген ұранмен шығарма жазу байқауын өткізді.

Байқауға қатысқан студент жастардын шығармалары мазмұнымен, Отанға, соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлерінің жанқиярлық ісіне деген сүйіспеншілікке толы болды.

Байқауда І орынды студент Дина Алиева иеленді. «Менің аталарым – Жеңіс ері» деп аталатын оның шығармасы нағашы атасының өмір жолын байандаудан басталады. Студент атасынын бар болғаны 17 жасында майдан шебіне аттанғанын, тағы бір аталары – Бәтен, Қабанбай және Абулланың майданда ерлікпен күрес­кенін өз сөзімен, терең сезімге беріле отырып, жап-жақсы суреттеген. Жүлделі орын алған Алина Асылбек өз шығармасын «Біздің үйде бір ескі сандық бар. Оның ішінде сарғайған фотолар, медальдар мен соғыс кезінен қалған құжаттар сақталған» деп бастап, «Бұл – майдан ізі, соғыстан қалған белгі. Әрбір құжат – бір адамның өмірі, ал әрбір медаль – ерліктің символы» деп ой қорытады.

Колледжде өткен іс-шараны Сарыарқа аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Уляш Құсаинова ашып, жүргізіп отыр­ды. Тиісінше, жүлделі орын алғандарға Сарыарқа ауда­ны әкімі Ж.Шаукентаевтың атынан бағалы сыйлықтар мен диплом, алғыс хат тапсырылды. Жеңімпаздарға белгілі журналист, «Құрмет» орденінің иегері Ғалия Балтабай, ақын-жазушы Сайранкүл Жүсіпова, журналист, Сарыарқа аудандық ардагерлер кеңесі бастауыш ұйымының төрағасы Серік Шайман өз кітаптарын сыйлады. Шығармашылық байқаудың жоғары деңгейде өтуіне колледждің кітапхана меңгерушісі Мария Исмағұлова, Сарыарқа аудандық Ардагерлер кеңесі төрайымының орынбасары Гүлнәр Беспалинова елеулі үлес қосты.

Серік ШАЙМАН, құрметті журналист, Сарыарқа аудандық
Ардагерлер кеңесі баспасөзінің мүшесі

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button