Жастардың 80%-дан астамы ел дамуының оң динамикасына сенеді

«British Council» ұйымы жүргізген «Қазақстанның болашақ ұрпағы» зерттеуінің нәтижелері жарияланды. Зерттеу аясында ұйым бүкіл әлем бойынша жастардың пікірін білдіру үшін «Next Generation» («Болашақ ұрпақ») платформасын ұсынады, бұл олардың дауысын естуге және олардың ұмтылысы, проблемалары және қоғамның өзгеруі мен қалыптасуындағы рөлі туралы түсінік алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Зерттеу Қазақстанда LSE Consulting, Орталық Азия Барометрімен (ЦАБ) және жобаның консультативтік кеңесімен әріптестік шеңберінде жүзеге асырылды. Зерттеуге 18 бен 35 жас аралығындағы 1270 жас қазақстандық қатысты: 1202 – өкілдік сауалнамаға және 68 – сұхбат пен фокус—топтарға жауап берді.
Әдістемеге бес компонент кірді:
- әдебиеттерге шолу — Қазақстанның жалпы әлеуметтік—саяси және демографиялық контексті туралы ақпарат жинау;
- көзқарастар, басымдықтар, білім беру, жұмыспен қамту, азаматтық қатысу және жаһандық перспективалар мәселелері бойынша өкілдік сауалнама — «Next Generation« сауалнамасының басқа елдердегідей сұрақтары пайдаланылды (бұл ретте кейбір тармақтар Қазақстанның нақты мәнмәтініне бейімделді);
- жас көшбасшылармен сапалы сұхбат — негізгі әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерге көзқарасын зерделеу мақсатында Қазақстаннан келген 20 жас көшбасшыдан сұхбат алынды;
- жас қазақстандықтармен фокус—топтар – алты фокус—топпен зерттеулер Астана, Алматы және Атырау қалаларында жүргізілді. Әр қалада екі фокус—топ болды (18-24 және 29-34 жастағы респонденттер), үш негізгі бағытқа баса назар аударылды: білім беру және жұмыспен қамту; жастар дауысы, сандық медиа және жаңалықтар; жаһандық көзқарас;
- «Тоқта және ойлан« воркшоптар сериясы – 10 қазақстандық сарапшының, белсенділер мен практиктердің қатысуымен – қазақстандық сарапшылар мен практиктерден тұратын жобаның консультативтік кеңесі. Барлығы жеке және онлайн форматта «Тоқта және ойлан« атты екі семинар өткізілді.
Талдау бағыттарының бірі құндылықтардың, көзқарастардың қалыптасуына және жастарға әсер ететін аспектілер болды.
Бірінші. Зерттеуге сәйкес, жас қазақстандықтар әлеуметтік жағдайына қарамастан, отбасына өте бағдарланған және өздерінің шығу тегімен мақтанады. Олар отбасын өздерінің негізгі ықпал ету бастауы деп санайды (екінші орында достар/құрдастар).
Бұл жас қазақстандықтардың басқа да соңғы зерттеулеріне сәйкес келеді. Әр түрлі сауалнамаларға сәйкес, отбасы құндылықтар тізімінде бірінші орында және жастардың 80%-дан астамы үшін маңызды. Сондай-ақ жастар өмірдегі өздерінің жетістіктері мен бақытын табу үшін отбасыларына, достарына және жақын құрдастарына сүйенеді.
Екінші. Жас қазақстандықтар қоғамдық сын-қатерлерді байсалды бағалайды және бір мезгілде жоғары оптимизмді сақтайды. 80%-дан астамы тұрғын үйдің қымбаттығына және екіұшты макроэкономикалық конъюнктураға қарамастан, елдің оң динамикасына және өзінің жеке перспективаларына сенімді.
Жас әйелдер мен ерлер өз өмірі мен мансабына, ерлердің шамамен 86%-ы және әйелдердің 83%-ы өмір сапасына, жас ер адамдадың 87%-ы және жас әйелдердің 82%-ы болашақ мансабына оптимистік көзқараспен қарайды. Зерттеу бұл ұрпақ қиындықтарды өсу мүмкіндігі ретінде қабылдай отырып, төзімділік пен бейімделуге бейім екенін көрсетті.
Ұжымдық және жеке құндылықтар арасындағы мазмұнды тепе—теңдік бар: отбасымен және мәдени мұрамен тығыз байланысты сақтай отырып, жастар жеке және кәсіби дамуға басымдық береді. Мұндай ахуал қоғамдағы дәстүр мен жаңа мүмкіндіктер арасындағы тепе-теңдікті іздеу бойынша кең тенденцияны көрсетеді.