Мәдениет

Жастарды біріктірген «QazaqTeam»

Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Жетісу саябағында «QazaqTeam» ұлттық және спорттық ойындардан спартакиада өтті.

Аталған іс-шараға ЖОО мен колледж студенттері, жастар ұйымдарының өкілдері және 100-ге жуық еріктіден құралған командалар қатысып, өзара бақ сынасты.

– «QazaqTeam» ұлттық және спорттық ойындары – еріктілер арасында ұйымшылдық пен достықты нығайтуға бағытталған ерекше жоба. Ойын бағдарламасында дәстүрлі ұлттық ойын түрлерінен бөлек, жастарға тән шығармашылық пен қызығушылыққа негізделген түрлі заманауи ойындар да ұсынылды. Бұл ойындардың кейбірі логикаға сәл келіңкіремегенімен, олардың мақсаты – көңіл көтеру, командалық рухты арттыру және жастардың белсенділігін ояту болды, – дейді астана жастары жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Арайлым Сапарәлі.

Жалпы алғанда, «QazaqTeam» ойындары ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, заманауи форматтағы ойындарды ұтымды біріктіре отырып, еріктілер арасында жағымды эмоциялар мен есте қаларлық сәттер сыйлады.

– Бұл мен үшін тек жарыс емес, ерекше әсерге толы күн болды. Әсіресе су ішінен сақпымен түрлі түске боялған асықты шығару секілді ойындар ұнады. Бұл – асық ойынын заманауи форматта қызықты етіп бейімдеудің жақсы мысалы. Ұлттық дәстүрлерімізге жаңаша көзқараспен қараудың өзі ерекше шабыт береді. Кейбір ойындар тіпті күлкі шақырды, мысалы, волейбол добын нысанаға дәлдеп ату сияқты күтпеген тапсырмалар командалық жұмыс пен тапқырлықты талап етті. Бір қарағанда, бәрі ойға қонымды болмауы мүмкін, бірақ дәл осы ойындар арқылы біз бір-бірімізге жақындай түстік, ұжымдасып, шынайы көңіл көтердік.

Бір сөзбен айтқанда, Ұлттық ойындарды жаңа форматта көрсетудің өзі жастарға шабыт сыйлайды, – деп атап өтті ойын қатысушысы Аяна Ағылшын.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button