Жастар жарқын болашаққа сенімді

Бүгін Есіл университеті студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Астана жастары» ЖРО және Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының атқарып жатқан жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар жастарға арналған бағдарламалар мен жобалар, алдағы жоспарлар туралы кеңінен ақпарат берілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу алаңы қалыптасты. Мұндай кездесулер жастардың белсенділігін арттыруға және мемлекеттік жастар саясаты аясындағы мүмкіндіктер туралы ақпараттандыруға бағытталған.
Сонымен қатар, кездесуде 2026 жылғы Конституция жобасындағы бірегейлік пен азаматтық бірлік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл бастама ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды қадам ретінде атап өтілді.
«Бүгінгі кездесу – жастармен ашық диалог орнатудың тиімді алаңы. Біз үшін әрбір жастың пікірі маңызды. Сондықтан осындай кездесулер арқылы жастардың ұсыныстарын тыңдап, оларды қолдауға әрдайым дайынбыз. Сонымен қатар, 2026 жылғы Конституция жобасында көрсетілген құндылықтар – ел бірлігін нығайтып, болашақ ұрпақтың дамуына негіз болатынына сенімдіміз», дейді спикер Сұлтан Батырханұлы.



