Ел тынысы

Жастар саясатында жаңа креативті идеялар жүзеге асырылды — Самат Ибраев

Астана қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев елордалықтар мен жастарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

— Өткен жыл басқармамыз үшін табысты болды деп есептеймін: жобаларымызды сәтті аяқтадық, жастармен кездестік, жаңа креативті идеялар жүзеге асырдық. Келіп жеткен жылға үміт көп, жұмысымызды әрі қарай да жалғастыратын боламыз.  Өзіме келетін болсам, 2025 жылы мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында докторлық дәрежеге ие болдым. Бұл — менің кәсіби маман ретінде өсуім деп білемін. 2026 жылы барша отандастарымызға, жастарға денсаулық, амандық, табыс пен бақыт тілеймін. Алға қойған мақсаттар мен армандарға жетулеріңізге, талай асуларды бағындыруларыңызға тілектеспін! — дейді басқарма басшысы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button