Қоғам

Жастар әскери борышын өтеуге аттанды

Алда келе жатқан «Республика күні» мейрамы қарсаңына орай жастарды әскери патриоттық тәрбиелеу және әскери қызметтің оң беделін одан әрі көтеру мақсатында Астана қаласындағы «Жастар» сарайында «Ел қорғау – нағыз ерлер ісі!» акциясы өтті.

Іс –шара барысында 2025 жылғы күзде жас толымды Қазақстан Қарулы Күштеріне Салтанатты шығарып салу өткізіліп, сарбаздар ант қабылдады.

Әскери-патриоттық акцияға ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, Астана қаласының әкімінің орынбасары, «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ басшылығы, Астана қаласы әкімдігінің басқармаларының басшылығы, ҚР ҚК ардагерлері генералдар мен офицерлер, танымал блогер-спортшы-жаттықтырушы айтым Жакупов, 800-ден астам қала мектептерінің оқушылары және «Жас сарбаз» жасөспімімдер мен балалар ӘПК тәрбиеленушілері, курсанттар мен мерзімді әскери қызмет қызметшілері қатысты.

–Отан қорғау әр азаматтың борышы. Міне менің де балам сол қасиеттті борышын өтеуге аттанып барады. Мен оның Отан алдындағы борышыңды абыроймен өтеп, аман-есен оралуыңды тілеймін,–дейді баласын әскерге шығарып салуға келген Айтолқын Әзімқұлова.

Сондай-ақ, іс-шара барысында әскери техника мен қару-жарақ түрлері, киім үлгілері көрмесі, концерттік бағдарлама өткізілді.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button