Қоғам

Жасанды интеллекттің орны қандай?

Біз күн сайын кемінде 5-6 сағатымызды әлеуметтік желіде, ұялы телефонда өткіземіз. Ал сол өткізген әр уақытымызда жасанды интеллекттің ықпалы тұр. Күнделікті қолданып жүрген әр құралымыз онымен тығыз байланыс­ты. Демек, жасанды интеллекттің қоғамдағы рөлі көп жақтан байқалады.

Мәселен, қазіргі таңда қарқынды дамып жатқан TikTok әлеуметтік желісі – нағыз жасанды интеллект, ондағы қысқа минуттық, секундтық бейнероликтер дәл осы жасанды интеллекттің көмегімен жасалған. Бұл арқылы біз күнделікті көріп, қарап жүрген заттарымыздың көбі жасанды интеллект екенін біле аламыз. ЖИ көмегімен дәрігерлер аурудың алдын алып, тез арада сараптама жасай алады. Бұл медицина саласында дамуымыз бен өсуімізге көп септігін тигізеді. Білім беру саласында ЖИ ойып алардай із қалдырды. Оқушы мен мұғалім арасында білім сапасының артуына септігін тигізеді. Мұғалімдерге оқушылардың оқу үлгерімін анықтауға көмегі бар. Осы тұста ChatGPT деген ЖИ-дің чат-бот программасын айтпай кету мүмкін емес. Ол қазіргі қоғамда кеңінен танымал. Оған небір-небір сұрақтар қою арқылы қосымша ақпарат алып, оны дұрыс пайдаланып, ой-өрісімізді кеңейтуге болады. Алайда жасанды интеллект медицина, білім саласымен ғана шектеліп қалмайды, әлеуметтік салада да көрініс табады. Атап айтсақ, жарнамалар, бейнероликтер, әлеуметтік желідегі түрлі контенттің барлығы осы ЖИ көмегімен жасалады. Бірақ оның кері әсері де бар болатынын ескергеніміз жөн. Ол да бір программа болғандықтан, туғызар қауіп-қатерін, қателігін білгеніміз жөн. ЖИ-ді дұрыс пайдаланбасақ, жеке өмірге қауіп төндіреді, цифрлық мәселелер, ақпараттың жалған болуы секілді мәселелер туындайды. Яғни жасанды интеллекттің шексіз мүмкіндігіне жауапкершілікпен қарап, оны жан-жақты зерттеп, тек жақсы жағынан ғана пайдалана білген жөн. Ал дамыта алсақ, болашаққа жаңа көзқараспен қарап, елімізді өркендете аламыз.

Іңкәр РАХМАНҚҰЛ,

Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button