Елорда тынысы

Жасанды интеллект дәуіріндегі PR

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі PR: білім мазмұнын жаңаша трансформациялау» тақырыбында диалог алаңы өтті.

Онда PR саласындағы заманауи үрдістер, жасанды интеллектті білім беру мазмұнына енгізудің тиімді тетіктері, цифрлық коммуникация саясаты, стратегиялық коммуникацияны мемлекет деңгейінде реттеу және кадр даярлаудағы жаңа әдістер талқыланды. Іс-шараға шетелдік сарапшылар да қатысты. Атап айтқанда, М.Решетнев атындағы Сібір мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. Алексей Михайлов және Ankara Hacı Bayram Veli университетінің профессоры Мехмет Топлу өздерінің зерттеу нәтижелерімен, тәжірибелерімен бөлісті.

Отандық спикерлер қатарында Медиа және PR мамандары ассоциациясының төрайымы Ақерке Берлібай, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қоғаммен байланыс секторының меңгерушісі Аяжан Мәдібекова, «Tanba» коммуникация агенттігінің басшысы Санғали Ақсұлу, «B4 Media» директоры Бибігүл Мұхамеджанова, «IQanat» білім беру қорының PR-директоры Айдана Іңкәрбекова, сондай-ақ Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры Аязби Бейсенқұлов бар. Сонымен бірге Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жетекші ғалымдары жасанды интеллекттің коммуникациялық орта мен PR саласындағы рөлін ғылыми тұрғыдан талдады.

Ерасыл НҰРЛЫБЕКҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button