Басты ақпаратЕл тынысы

Жасампаз жылдың жарқын күндері

  1. Қазақстан Республикасы Тә­уел­сіздігіне 35 жыл (16.12. 1991 ж.);
  2. Қазақстан Республикасы қос палаталы Парламентінің құрыл­ғанына 30 жыл (1996 ж.);
  3. Алматы қаласындағы «Тәуелсіздік» монументінің ашылғанына 30 жыл (16.12.1996 ж.);
  4. Қазақ халқына нәубет әкелген ашаршылыққа 105 жыл (1921 ж. басталған);
  5. Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлескен экологиялық саммит өтеді (сәуір айы);
  6. Республикалық «Жас Алаш» газетінің алғашқы санының шыққанына 105 жыл (21.03. 1921 ж.);
  7. Баку қаласында өткен Түркі елдерінің І съезіне 100 жыл толады (23 наурыз 1926 ж). Съезге Әлихан Бөкейхан бастаған Қазақстан делегациясының құрамында Нәзір Төреқұлов, Біләл Сүлеев, Елдес Омаров болған;
  8. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына 100 жыл (10 қаңтар 1926 жыл);
  9. «Қазақ радиосының» алғаш­қы хабар таратқанына 105 жыл. Бірінші хабар эфирге 1921 жылдың 1 қазанында Орынбордан шыққан;
  10. Мәскеуде өткен ең алғаш­қы Қазақстан әдебиеті мен өнері күндеріне 90 жыл (1936 ж.);
  11. Ұлы Отан соғысының бас­т­алғанына 85 жыл (22.06.1941 жыл);
  12. Желтоқсан оқиғасына 40 жыл (16-17 желтоқсан 1986 жыл);
  13. Чернобыль атом электр стансасындағы апатқа 40 жыл (26 сәуір 1986 жыл);
  14. Семей полигонының жабылғанына 35 жыл. Сынақ полигонын жабу туралы Жарлыққа 29 тамыз 1991 жылы қол қойылды;
  15. Әз-Наурыз мерекесінің елімізде қайта жаңғырып, тойлана бастағанына 35 жыл толады (1991 жыл);
  16. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетіне ұлы философ, энциклопедист-ғалым әл-Фараби есімінің берілгеніне 35 жыл (23.10.1991 жыл);
  17. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқанына 35 жыл (2 қазан 1991 жыл);
  18. Көрнекті ақын, белгілі драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тұрғынбекұлы 80 жаста (1.03.1946 ж.);
  19. Қазақстанның Халық қаһарманы, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың бейбіт күндегі ерлігіне 15 жыл және туғанына 55 жыл (3.04.1971-12.11.2011 жж.);
  20. Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ашылғанына 35 жыл. Театр 1991 жылдың 15 қарашасында Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» спектаклімен ашылды;
  21. Әлемде алып держава атан­ған КСРО мемлекетінің ресми тарқағанына 35 жыл (25 желтоқсан 1991 жыл);
  22. Шанхай Ынтымақтастық ­Ұйымының құрылғанына (ШОС) 25 жыл (2001 ж.);
  23. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ашылғанына 30 жыл (23 мамыр 1996 ж.);
  24. «Шалқар» радиосының ашылғанына 60 жыл (1966 ж.);
  25. XXV қысқы Олимпиада ойын­дары Италияның Милан және Кортина д’Ампеццо қалаларында 6-22 ақпан аралығында спорттың 16 түрінен өтеді;
  26. Америка, Мексика және ­Канада елдерінде футболдан әлем чемпионаты өз жалауын көтереді;
  27. Кеңес Одағының Батыры, тұң­ғыш ұшқыш-космонавт, ма­йор Юрий Гагариннің ғарышқа ұш­қанына 65 жыл (12.04.1961 ж.);
  28. Қазақ ордасындағы ең ұлы хандардың бірі, ұлтымыздың даңқ­ты перзенті Абылай ханның ту­ғанына 315 жыл (1711-1781 жж.);
  29. Қазақтың аты аңызға айналған көрнекті қолбасшысы Наурызбай батырдың (Құттымбетұлы) туғанына 320 жыл (1706-1781 жж.);
  30. Әйгілі Бөлтірік шешен­нің туғанына 255 жыл (1771- 1845 жж.);
  31. Жыр алыбы Жамбыл Жа­баев­тың дүниеге келгеніне 180 жыл (28.02.1846-22.06.1945 жж.);
  32. Атақты әнші, композитор Майра Уәлиқызының (Шамсутдинова) туғанына 165 жыл (1861-1927 жж.);
  33. Аса көрнекті мемлекет қайраткері, Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл (05.03.1866-27.09.1937 жж.);
  34. Белгілі жазушы, публицист, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алдан Смайыл 80 жаста (3.10.1946 ж.);
  35. Алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист Қошке (Қошмұхамбет) Кемеңгерұлының туғанына 130 жыл (15.07.1896-21.12.1937 жж.);
  36. Кемеңгер ойшыл, фольклортанушы, философ, тарихшы, этнограф, қазақ мәдениеті мен әде­биетінің биік тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының дүниеден өткеніне 95 жыл (1856-27.11.1931 жж.);
  37. Жауырыны жерге тимеген даңқты палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 155 жыл (7.04.1871-12.08.1948 жж.);
  38. Қазақтан шыққан тұңғыш заң магистрі, Алаш зиялысы, қайраткер Жақып Ақпаевтың туғанына 150 жыл (25.10.1876-4.07. 1934 жж.);
  39. Рухы биік жырау, термеші, халық ақыны, көптеген жыр-дастанның авторы әрі орындаушысы Қазанғап Байболұлының туғанына 135 жыл (1891- 1945 жж.);
  40. Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің төрағасы болған аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетов­тің туғанына 135 жыл (5.03.1891-21.03.1938 жж.);
  41. Көрнекті қоғам және мем­лекет қайраткері, «Алаш» партия­сы мен «Алашорда» қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі, профессор, белгілі ағартушы, қазақ тіліндегі тұңғыш «Жоғарғы математика курсы» оқулығының авторы Әлімхан Ермековтің туғанына 135 жыл (1891-20.06.1970 жж.);
  42. Даңқты күріш өсіруші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ыбырай Жақаевтың туғанына 135 жыл (16.05.1891-19.09.1981 жж.);
  43. Ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, өнер саңлағы, Социалистік Еңбек Ері, үш мәрте Ленин орденінің кавалері, Халық әртісі Серке Қожамқұловтың туғанына 130 жыл (05.05.1896-31.12.1979 жж.);
  44. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, «малшылардың маршалы» атанған шопан Жазылбек ­Қуанышбаевтың туғанына 130 жыл (29.03.1896-01.09.1986 жж.);
  45. Қоғам қайраткері, Қазақ­станда колхоз құрылысын алғаш ұйымдастырушылардың бірі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтің туғанына 120 жыл (20.12.1906-17.11. 1967 жж.);
  46. Атағы жер жарған актер, әні әлемді шарлаған композитор, дауысы дүниені теңселткен әнші, дәулескер күйші, Қазақ КСР-нің Халық әртісі (1938 ж.) Манарбек Ержановтың туғанына 125 жыл (8.03.1901-14.11.1966 жж.);
  47. Әскери қайраткер, қазақ офицерлері арасынан шыққан тұңғыш генерал-майор Шәкір Жексенбаевтың туғанына 125 жыл (28.02.1901-23.02.1988 жж.);
  48. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, селекционер ғалым, биология ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым академия­сының корреспондент-мүшесі Кәрім Мыңбаевтың туғанына 120 жыл (15.08.1906-30.09.1948 жж.);
  49. Ұлтымыздың аса дарынды ақын қызы, Қазақстанның Халық жазушысы, «Құрмет белгісі» орденінің кавалері Мәриям Хакімжанованың туғанына 120 жыл (16.12.1906-1986 жж.);
  50. Ұлттық музыка өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан және қазақтың кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі, әйгілі композитор, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану ғылымының докторы, академик Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл (29.04.1906-30.05.1968 жж.);
  51. Әл-Фарабиді атажұртымен таныстырған ғалым, фарабитану ғылымының негізін салған Ақжан Машановтың туғанына 120 жыл (02.11.1906 -02.05.1997 жж.);
  52. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің тұңғыш ректоры, көрнекті қоғам қайраткері, Алаш арыстарының бірі Әшір Бүркітбаевтың туғанына 115 жыл (17.12.1906-ақпан 1938 жж.);
  53. Ұлы Отан соғысының қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, атақты мерген Ыбырайым Сүлейменовтің туғанына 115 жыл (1911-15.10.1943 жж.);
  54. Қазақтың дауылпаз ақыны, Ұлы Отан соғысына қатысушы Қасым Аманжоловтың туғанына 115 жыл (10.10.1911-18.01.1955 жж.);
  55. Атақты театр және кино актері, опера әншісі, Қазақстанның Халық әртісі Кәукен (шын аты Әбдірахым) Кенжетаевтың туғанына 110 жыл (26.04.1916-15.03.2008 жж.);
  56. Қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері және ұлттық бокстың атасы атанған Шоқыр Бөлтекұлының туғанына 110 жыл (29.10.1916-06.04.1994 жж.);
  57. Айтулы актриса, халық әндерін тамылжыта орындаушы әнші, Қазақ КСР-інің Халық әртісі Рахия Қойшыбаеваның туғанына 110 жыл (15.10.1916-26.02. 1963 жж.);
  58. Айтулы қазақ ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Хамит Ерғалиевтың туғанына 110 жыл (14.10.1916-13.12.1997 жж.);
  59. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, айтулы заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Салық Зимановтың туғанына 105 жыл (02.04.1921-04.11.2011 жж.);
  60. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, талантты ­дипломат Балжан Бөлтірікованың туғанына 105 жыл (15.11.1921-11.05.1998 жж.);
  61. Атақты кинорежиссер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Менің атым Қожа» фильмінің қоюшы режиссері Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл (02.10.1926-02.08. 1978 жж.);
  62. КСРО және Қазақ КСР-інің Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дүлдүл опера әншісі Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл (04.07.1926-16.11. 2013 жж.);
  63. Қазақ журналистикасының дамуына аса зор үлес қосқан ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеевтің туғанына 100 жыл (17.12.1926-29.12.2003 жж.);
  64. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР-і Мәдениет министрі, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты, ұлттық руханияттың дамуына өлшеу­сіз үлес қосқан өзегі мықты Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл (28.08.1931-24.02.1998 жж.);
  65. Ақиық ақын ­Мұқағали Мақатаевтың дүние есігін аш­қанына 95 жыл (9.01.1931-27.03.1976 жж.). Артында өшпес өлеңдер қалдырған Мұқағали ақын небәрі 45-ақ жас жасаған;
  66. Аса көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақ КСР Халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпованың туғанына 95 жыл (31.08.1931-14.07. 2018 жж.);
  67. Асқан талантты кино және театр актері, педагог, Қазақ КСР Халық әртісі Ыдырыс Ноғайбаевтың туғанына 95 жыл (15.05.1931-01.09.1989 жж.);
  68. Аса дарынды кино және ­театр актрисасы, КСРО және Қазақ КСР Халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Фарида Шәріпованың туғанына 90 жыл (16.12.1936-24.09.2010 жж.);
  69. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың туғанына 90 жыл (06.12.1936-11.12.2015 жж.);
  70. Көрнекті ақын және жа­зушы, қоғам қайраткері, белгілі дипломат, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменов 90 жасқа толады (18.05.1936 ж.);
  71. Дарынды күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рахым Тәжібаевтың туғанына 80 жыл (28.05.1946-2011 жж.);
  72. Белгілі театр актері, Қазақ­станның Халық әртісі Сәбит Оразбаев 90 жаста (29.01.1936 ж.);
  73. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, экономика ғылымдарының докторы, тә­уелсіз Қазақстанның тұңғыш және ең соңғы вице-президенті Ерік Асанбаевтың туғанына 90 жыл (10.03.1936-23.08.2004 жж.);
  74. Аса көрнекті композитор, Қазақстанның Халық әртісі, музыка педагогы, профессор Базарбай Жұманиязовтың туғанына 90 жыл (01.11.1936-17.08.2015 жж.);
  75. Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 90 жыл (24.04.1936-05.04.2021 жж.);
  76. Атақты композитор, өнер зерттеушісі, жазушы, суретші, Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов 90 жасқа толады (06.05. 1936 ж.);
  77. Белгілі жазушы, айтулы аудармашы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты Сайын Мұратбеков­тің туғанына 90 жыл (15.11.1936-15.03.2007 жж.);
  78. Ұйғыр халқы өнерпаздары арасынан «Қазақстанның Халық әртісі» атағын тұңғыш алған белгілі эстрада әншісі, Алматы облысының құрметті азаматы Гүлвира Разиева 90 жасқа келеді (19.07.1936 ж.);
  79. Даңқты боксшы, КСРО спортына еңбек сіңірген шебер, Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген жаттықтырушы, бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы болған Әбдісалан Нұрмахановтың туғанына 90 жыл (19.04.1936-2002 жж.);
  80. Қазақстанның Халық әртісі Қадыр Жетпісбаевтың туғанына 85 жыл (20.12.1941-21.04. 1999 жж.);
  81. Айтулы ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жамбыл облысының құрметті азаматы Күләш Ахметованың туғанына 80 жыл (25.04.1946-13.11.2025 жж.);
  82. Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жаста (27.07.1946 ж.);
  83. Аса дарынды дәулескер күйші, атақты композитор, дирижер, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, педагог Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл (25.03.1946-07.06.2010 жж.);
  84. Қазақтың көрнекті ақыны Кеңшілік Мырзабеков тірі болғанда 80 жасқа толар еді (06.06.1946-30.01.1989 жж.);
  85. Атақты композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеевтің туғанына 80 жыл (10.02.1946-09.06.2020 жж.);
  86. Қазақстан Республикасының Халық әртісі Гүлжан Әспетова 80 жасқа толады (28.05. 1946 ж.);
  87. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және еңбек сіңірген қайраткері, белгілі кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов­тің туғанына 80 жыл (07.03.1946-08.07.2021 жж.);
  88. Белгілі ақын, аудармашы, ­Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариевтің туғанына 80 жыл (15.04.1946-15.02.2021 жж.);
  89. Белгілі қоғам қайраткері, айтулы журналист, жазушы, теледраматург, қазақ телевизиясының ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халық­аралық телевизия және радио академиясының академигі Сұлтан Оразалиннің туғанына 85 жыл (30.04.1941-22.08.2021 жж.);
  90. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ­Сауытбек Абдрахманов 75 жасқа толады (7.11.1951 ж.);
  91. Қаламы қарымды журналист, айтулы жазушы, сценарист, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін атқарған, Б.Бұлқышев атындағы және Қазақстан Жазушылар одағы арнайы сыйлықтарының лауреаты Жанболат Аупбаев 75 жаста (24.12. 1951 ж.);
  92. Есімі әлемге әйгілі палуан, грек-рим күресінен Олимпиада және әлем чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның Еңбек Ері, Жамбыл облысының құрметті азаматы Жақсылық Үшкемпіровтің туғанына 75 жыл (6.05.1951-02.08.2020 жж.);
  93. Әйгілі театр және кино актрисасы, Қазақстанның Халық әртісі, қазақтың «Қыз Жібегі» атанған Меруерт Өтекешова 75 жастың биігіне шығып отыр (25.02.1951 ж.);
  94. Атақты театр және кино актері, дарынды кинорежиссер, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Досхан Жолжақсынов 75 жаста (07.10.1951 ж.);
  95. Атақты опера әншісі, КСРО және Қазақ КСР-і Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор Әлібек Дінішев 75 жаста (07.07.1951 ж.);
  96. Жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Мереке Құлкенов 75 жаста (1951 ж.);
  97. Белгілі ақын, журналист, қазақтың атамұра өнері – ақындар айтысын қайта жаңғыртуға аса зор үлес қосқан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері Жүрсін Ерман 75 жасқа толады (12.02.1951 ж.);
  98. Шәкәрім Құдайберді­ұлы атындағы, халықаралық «Алаш» ­әдеби сыйлығының лауреаты, жазу­шы, абайтанушы, әуезовта­ну­шы, алаштанушы, филология ғылым­дарының докторы Тұрсын Жұртбай 75 жаста ­­ (15.08. 1951 ж.);
  99. Классикалық күрестен (грек-рим) екі дүркін әлем, Еуропа, бірнеше мәрте КСРО, Олимпиада чемпионы, Халықаралық күрес федерациясының (FILA) даңқ залына есімі енген жалғыз қазақстандық палуан, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Шәміл Серіковтің туғанына 70 жыл (05.03.1956-22.11.1989 жж.);
  100. Бокстан Қазақстаннан шық­қан тұңғыш әлем чемпионы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Валерий Рачковтың туғанына 70 жыл (24.04.1956 ж.);
  101. Атақты күйші, белгілі композитор, Қазақстанның халық әртісі, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Секен Тұрысбек 65 жаста (22.03. 1961 ж.);
  102. Желтоқсан оқиғасының құрбаны, Қазақстанның Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков­тің туғанына 60 жыл (13.03.1966-21.05.1988 жж.);
  103. Жезтаңдай әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, дәстүрлі әндер зерттеушісі Сәуле Жанпейісова 60 жаста (14.08.1966 ж.);

Ескерту: бұл мәліметтерге кейбір айтулы даталар мен белгілі тұлғалардың кірмей қалуы әбден ықтимал. Сондықтан оған үлкен түсіністікпен қараған абзал.

 Қырғызәлі ТІЛЕУОВ,

мемлекеттік қызмет

ардагері, зейнеткер,

Астана қаласы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button