«Жас журналист – 2026» қалалық байқауы өтеді

Астана қаласы әкімдігінің әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Әр мектепте – медиаорталық» республикалық жобасы аясында 4–11 сынып оқушылары арасында «Жас журналист – 2026» қалалық байқауы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта бейнесюжеттер,фоторепортаж,сұхбаттар мен подкаст блогтарын түсіріп 22 наурызға дейін жетекшілерімен ai-bala-fest@bk.ru электрондық поштасына жолдай алады.
Байқау қорытындысы 2026 жылғы 27 наурыз күні сағат 10:00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтетін «AI-BALA» II медиафестивалінде жарияланады.
Фестиваль бағдарламасы аясында байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.
Жеңімпаздарға I, II, III дәрежелі дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.
Сонымен қатар үздік жұмыстар республикалық «i-BALA» журналында жарияланады. Жеңімпаздардың жұмыстары «Балапан» телеарнасында көрсетіліп, қатысушыларға бұқаралық ақпарат құралдарының редакторларымен сұхбат алу мүмкіндігі ұсынылады.



