Құқық

“Жас жол инспекторлары” халықаралық байқауында жүлдегер атанды

Қазақстандық оқушылар “Жас жол инспекторлары” халықаралық байқауында жүлдегер атанды. Байқау Тәжікстанда өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Байқауға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан және Беларусь елдерінің командалары қатысты.

Байқаудың мақсаты – жасөспірімдерді құқықтық тұрғыдан тәрбиелеу және оларға жол жүрісі қағидаларын үйрету. Сайыс 15–20 шілде аралығында Тәжікстанның Соғды облысындағы Гулистон қаласында ТМД елдерінің жас жол инспекторларының ІІІ Мемлекетаралық слеті аясында өтті. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Беларусь командасы иеленсе, екінші орынды қазақстандық оқушылар жеңіп алды. Халықаралық аренада еліміздің намысын Ақтау қаласындағы №8 жалпы білім беретін мектептің жас жол инспекторлары қорғады. Қазақстандық команда жоғары дайындық деңгейін, терең білімін және мықты командалық рухын көрсетті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button