Қоғам

Жас ұрпақ мәселесі қаралды

Елорданың Сарыарқа ауданы әкімдігінде кәмелетке ­толмағандардың істері жөніндегі комиссияның кезекті ­отырысы өтті.

Комиссияның негізгі мақсаты – балалардың құқығын қорғау, олардың заңды мүддесін қамтамасыз ету, өмірде қиын жағдайға тап болған жасөспірімдерге қолдау көрсету, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүйелі түрде үйлестіру.

Отырыста жасөспірімдердің өмір сүру салты, тәртібіне қа­тысты 2 іс қаралды. Бұл істердің әрқайсысы – бала тағдырына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер. Сондықтан мұндай жағдайлардың алдын алу үшін комиссия мүшелері, мемлекеттік органдар, білім беру және ден­саулық сақтау мекемелері, құқық қорғау органдары өзара тығыз жұмыс жүргізеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button