Ел тынысы

«Жас сақшы» сыныбы оқушылары чемпиондармен кездесті

Елордадағы №16 мектепте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Жас сақшы» сыныбының оқушылары мен халықаралық UAE SWAT Challenge турнирінің жеңімпаздары арасында кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесуге беделді халықаралық жарыстың чемпиондары Елдос Сартай мен Мөлдір Атанай қатысты. Спикерлер оқушыларға өздерінің жетістікке жету жолы, жарысқа дайындық барысы, қызметтегі тәртіптің маңызы туралы кеңінен бөлісті.

– Елге адал қызмет ету үшін жауапкершілік пен батылдық қажет. Отан алдындағы міндет пен сертке деген адалдықты осы оқушы кезден-ақ айқындау маңызды. Себебі мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын, елдің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне бейжай қарамай, бала бойына жасынан сіңірген дұрыс, – деді Е.Сартай.

Кездесу жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, ішкі істер органдарындағы қызметті насихаттау және заң мен тәртіп қағидаттарына құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар чемпиондарға сұрақ қойып, олардың жеңісімен құттықтап, еркін форматта пікір алмасты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button