Қоғам

Жас өнертапқыштар байқауы

Елордадағы Триатлон саябағында «Астана – болашақтың қаласы» жас өнертапқыштар байқауы өтті. Жас ұрпақтың жаңашыл идеясын, өнертапқыш қабілетін көрсетуге арналған іс-шараны елорданың Алматы ауданы әкімдігі ұйымдастырды.

Байқауға 5 бағыт бойын­ша барлығы 19 жоба, яғни 38 оқушы қатысты. Бұл бағыттар смарт құрылғылар (ақылды үй, тұрмыстық құрылғылар); робототехника және автоматтандыру; экологиялық инновациялар; мобильді қосымша немесе IT жүйесі; ұлттық нақыштағы заманауи жоба болып бөлінді. Әр команда өз өнертабысын көрсетіп, қазылар алқасына 3-4 минут көлемінде таныстырды. Мәселен, Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM мектеп-лицейінің оқушылары «Smart yurt – заманауи киіз үй» жобасын, «Елордалық экоферма – таза өнім өндіру» жобасын, Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназия оқушылары «Құлтемір Темірбек» – робот жобасын, Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің оқушылары «Сабын бүріккіш» – тұрмыста қолданылатын автоматтандырылған құрылғы» жобасын және т. б. ұсынды.

Бес адамнан құралған қазылар алқасы жобаларды бағалау кезінде идеяның жаңалығын, қолдану аясын, жобаның қорғалуын, дизайны мен құрылымын, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік маңызын ерекше назарға алды. Байқау соңында жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button