Әлеумет

Жас кәсіпкерлер жарысты

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында елордада «WorldSkills Astana-2025» өңірлік чемпионатының «Кәсіпкерлік» құзыреттілігі бойынша кезеңі сәтті өтті. Байқауға қала колледждерінен іріктелген 10 үздік команда қатысып, жоғары дайындық деңгейін, креативті ойлауды және бизнесті жүргізудің заманауи тәсілдерін көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«WorldSkills» чемпионатының басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кәсіби білім беруді дамыту және талантты жастарды қолдау. «Кәсіпкерлік» құзыреттілігі студенттерге өз кәсібін ашу мен дамыту, бизнес-жоспар құру және жобаларды тиімді іске асыру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Чемпионат барысында инновациялық бизнес-идеяларын ұсынды. Әрбір жоба нарық талдауы, қаржылық жоспарлау, маркетингтік стратегия ойластыру және даму тетіктерін қамтыды.

Айтулы чемпионаттың тәуелсіз сарапшылары құрамына Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері енді. Олар ұсынылған жобаларға кәсіби әрі объективті баға беріп, білім беру жүйесі мен бизнес-қауымдастық арасындағы байланысты нығайтуға және еңбек нарығы талаптарын өзектендіруге ықпал етті.

Тартысты дода қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Үздік командалар «WorldSkills Kazakhstan-2025» республикалық кезеңінде Астананың намысын қорғап, еліміздің ең мықты жас кәсіпкерлері атағына таласуға мүмкіндік алады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button