Қоғам

Жас инженер болашақтың технологиясы туралы айтты

Биыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы ретінде жарияланғаны белгілі. Осы бастама аясында түрлі салалардағы білікті мамандардың еңбегі кеңінен насихатталып, жастар арасында кәсіптік білім мен жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы салада еңбек етіп жүрген жас мамандардың бірі – «Digital System Servis» телекоммуникациялық құрылғылар өндіретін зауытта еңбек етіп жүрген Ержан Кәрімов, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ол – радиоэлектрондық аппаратуралар мен приборлар (РЭТ) маманы. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – күрделі техникамен жұмыс істейтін, заманауи байланыс құралдарын жасап, сынақтан өткізіп, іске қосатын жоғары білікті инженер.

Әріптестерінің айтуынша, Ержан өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын мамандардың бірі. Оның міндетіне телекоммуникациялық құрылғылардың дәл әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету, жаңа технологиялық процестерге бейімделу, өндірістік жабдықтарды құрастыру және техникалық қызмет көрсету кіреді.

«Қазіргі уақытта кез келген цифрлық байланыс, қауіпсіздік жүйесі немесе телерадио тарату желісі – барлығы радиоэлектрондық жабдықтар арқылы жүзеге асады. Осы салада жұмыс істеу – тек кәсіп емес, бұл болашақтың тілімен сөйлей білу», – дейді Ержан.

Ол жастарға техникалық мамандықтардан қорықпауға кеңес береді. Себебі еңбек нарығында сұранысқа ие салалар – дәл осы инженерлік және өндірістік бағыттар.

«Digital System Servis» ЖШС зауытында Ержан секілді жүздеген маман заманауи технологияны меңгеріп, еліміздің цифрлық даму бағытына өз үлесін қосып келеді. Бұл – тек бір адамның емес, тұтас бір саланың өркендеуіне қосқан нақты еңбек.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button