Елорда тынысы

«Жанымда жүр жақсы адам…» фотобайқауы өтеді

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы «Жанымда жүр жақсы адам…» атты фотобайқау өткізуді қолға алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы 35 жасқа дейінгі табысқа жеткен, карьераны, отбасын және жеке дамуын үйлестіре білген жігерлі әрі шабыттандыратын қыз-келіншектердің виртуалды көрмесін ұйымдастыруда.

Байқауға кімдер қатыса алады:
• 35 жасқа дейінгі;
• өз саласында жетістікке жеткен;
• қоғамға үлес қосып жүрген;
• жастарға үлгі бола алатын.

Қатысу үшін кемінде 200 сөзден тұратын жетістік тарихын (үшінші жақта – туыстарының, достарының немесе әріптестерінің атынан) дайындап, 1:1 форматтағы сапалы фотосуретті қоса жариялау қажет. Жарияланымды өз парақшаңызға орналастырып, #8наурыз, #Жанымдажүржақсыадам хэштегтерін көрсету, @astana_jastary парақшасын белгілеу және жарияланымды сториске бөлісу қажет.

Жұмыстар 5 наурызға дейін қабылданады. Үздік оқиғалар «Астана Жастары» орталығының ресми парақшасында жарияланады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button