Қоғам

Жануарларға қамқорлық – басты міндет

 «Бір игі іс – жануарларға қамқорлық» атты қайырымдылық іс-шарасының аясында Астана қаласындағы №109 жалпы білім беретін мектептің белсенді оқушылары елордадағы Аққорған көшесі 5 «в» мекен-жайында орналасқан жануарларға арналған баспанаға барды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оқушыларды қайырымдылық жасауға үндейтін іс-шараға білім беру мекемесінің Парламент мүшелері, еріктілер тобы және сынып жетекшілері белсене қатысты. Оларды мекеме қызметкері Дарья Севостьянова жылы шыраймен қарсы алды.

– Мұндағы мысықтардың біразы жақында қабылданды, кейбірі түрлі аурулары мен жарақаттарына байланысты емделуде немесе зарарсыздандыруды және кастарцияны күтуде. Ал зарарсыздандырылған, кастрацияланған жануарлар қалпына келтірілуде. Толықтай жазылған кезде олар дені сау үй жануарларымен бірге барлық мысықтар тұратын жалпы бөлмедегі торға орналастырылады, — деді Дарья Владимировна.

Одан әрі мектептің Парламент мүшелері қаңғыбас иттер орналасқан орынға келді.

– Мұндай іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – жас ұрпаықтың бойында мейірімділік, жауапкершілік, жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру, жануарларға деген қамқорлық мәдениетін арттыру және қоғамда ізгілік құндылықтарын дәріптеу. Арнайы жылы жерге орналастырылған үй жануарлары күн сайын өздерінің иелерін күтеді, — деді Мансұр Егізбаев.

Акция барысында оқушылар мен ұстаздар тарапынан үй жануарларына арналған азық-түлік, күтім құралдары және қажетті жабдықтар жиналды. Жиналған көмектер қаладағы жануарларды қорғау ұйымына табысталды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button