Қоғам
Жаңа жыл қарсаңында 47 астаналық жұп неке қиды

Жаңа жыл қарсаңында 47 астаналық жұп неке қиған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының ресми телеграм парақшасында жарияланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жас жұбайлардың басым бөлігі неке қиюды есте қаларлық ерекше күндерге жоспарлайтыны жасырын емес.
Осылайша, 2025 жылдың 31 желтоқсан күні барлығы 487 неке тіркелді.
Жаңа жыл қарсаңында неке тіркеу саны ең көп болған 5 өңір:
— Алматы қ. – 68 жұп
— Түркістан облысы – 61 жұп
— Астана қаласы – 47 жұп
— Жамбыл облысы – 37 жұп
— Қарағанды облысы – 30 жұп
Күнтізбедегі осындай ерешке күндер отбасын құруды жоспарлаған азаматтар арасында дәстүрлі түрде жоғары сұранысқа ие болып келеді.



