Саясат

Жаңа заңға — батыл қадам

Жаңа Конституцияның ережелерін түсіндіру бағыты бойынша KAZPAN зауыты базасының қызметкерлерімен кездесу өтті. Шараға Астана қаласы мәслихатының депутаты Динара Оразалина, Астана қаласы бойынша Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанаргүл Құлмағамбетова, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Өмірзаққызы қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Зауыт қызметкерлеріне Жаңа Конститутцияның ережелері, ерекшеліктері түсіндірілді.
— Өздеріңізге белгілі алдағы уақытта тарихи сәт болғалы тұр. Ең бастысы
әрі өзгермейтін құндылықтардың бірі адамдардың қадір-қасиеті, бостандығы және қауіпсіздігі. Адамның өмірі жаңа жобада ерекше маңызды болып жатыр. Соның ішінде әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға жол ашып отыр. Бұл сайып келгенде Қазақстанның дамуына үлкен серпін береді, -деді Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Өмірзаққызы.


Заң жобасы ел дамуына оң серпін беріп, жаңа өзгерістер әкеледі. Сеніммен қару керек дейді шараға қатысушылар.

— Жаңа заң жобасы – еліміздің әділетті, ашық және жауапты мемлекет
құру жолындағы маңызды қадамы. Бұл құжат азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, қоғам мен билік арасындағы сенімді арттыруға бағытталған. Әсіресе, әйелдердің, кәсіпкерлердің және жалпы азаматтық қоғамның рөлін нығайтуға мүмкіндік береді деп сенемін, -деді Астана қаласы бойынша Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанаргүл Құлмағамбетова.

Ал, Астана қаласы мәслихатының депутаты Динара Аманболқызы болашаққа батыл қадам басу керектігін айтады. Ол: «Жаңа Конституция – еліміздің саяси жаңғыруының берік негізі. Бұл өзгерістер халықтың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, әділеттілік пен ашықтық қағидаттарын нығайтады. Қабылданған бастамалар өңірлердің дамуына да оң әсерін тигізіп, ел болашағына сенімді қадам жасауға жол ашады» -деді.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button