Әлеумет

Жаңа телекоммуникациялық шешімдер таныстырылды

Beeline Қазақстан мен ZTE компаниялары байланыс сапасын арттыруға, байланыспен қамту шеңберін кеңейтуге және экологиялық технологияларды енгізуге бағытталған бірлескен телекоммуникациялық бастамаларды таныстырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана – Бурабай республикалық автожолы бойында күн панельдері мен жел генераторлары негізінде жұмыс істейтін автономды антенна-мачталық құрылғы іске қосылды. Бұл шешім электр желілеріне тәуелсіз, бұрын байланыс нашар болған аумақтарда тұрақты мобильді байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және экологиялық әсерді азайтады.

Елордада жаңа форматтағы қос функциялы тірек орнатылды. Ол базалық станция мен көше шамының қызметін біріктіріп, қаланың сәулетіне үйлесімді түрде енді. Мұндай шешім тұрғындар үйлеріне базалық станция орнатуға қарсы болған жағдайда, интернет пен байланыстың әлсіз аймақтарын қамтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ірі сауда ғимараттары мен қоғамдық нысандарға арналған шешім ұсынылды. Елордадағы сауда орталықтарының бірінде енгізілген жүйе ғимарат ішіндегі «ақ дақтарды» жойып, жоғары жылдамдықты интернетпен сенімді қамтуға мүмкіндік беріп отыр.

Мұндай бастамалар цифрлық инфрақұрылымды дамытуға септігін тигізіп, заманауи телекоммуникациялық қызметтердің еліміздің барлық өңірінде қолжетімді және тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button