Елорда тынысы

Жаңа Салық кодексіне арналған Ашық есік күні

2025 жылғы 14 қазанда Байқоңыр ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жаңа нормаларын түсіндіруге арналған. Басқарма мамандары салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы айтып берді, соның ішінде:

1. Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер – салық мөлшерлемелері нақтыланып, кейбір салықтар алынып тасталды және әкімшілендіру шаралары жетілдірілді.
2. Корпоративтік табыс салығы (КТС) – мөлшерлеме 20% деңгейінде сақталып, жекелеген салалар үшін төмендетілген және жоғарылатылған мөлшерлемелер енгізілді.
3. Жеке табыс салығы (ЖТС) – 2026 жылдан бастап прогрессивті шкала енгізіледі.
4. Қосылған құн салығы (ҚҚС) – мөлшерлеме 12%-дан 16%-ға дейін ұлғайып, кейбір тауарлар мен қызметтерге төмендетілген мөлшерлемелер қарастырылды.
5. Арнаулы салық режимдері – жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қолдану және көшу тәртібі жеңілдетілді.
6. Көлік салығы – пайдаланылған мерзімі 10 және 20 жылдан асқан автокөліктерге салық мөлшерлемелері төмендетілді.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті халықтың салық сауаттылығын арттыру және бизнесті қолдау мақсатында осындай іс-шараларды одан әрі жүргізуді жоспарлап отыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button