Ел тынысыСаясат

Жаңа өзгерістер – жауапты қоғам негізі: ЕҰУ колледжінде мазмұнды кездесу ұйымдастырылды

11 наурыз күні Жалпыұлттық коалиция Астана қалалық филиалының өкілдері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті колледжінің ұжымымен мазмұнды кездесу ұйымдастырды. Ашық диалог алаңында білім беру саласындағы өзекті өзгерістер, Жаңа Конституция жобасындағы қоғам өміріне тікелей әсер ететін негізгі баптар, педагогтердің құқықтарын қорғау тетіктері және ұстаз мәртебесін нақтылайтын нормалар кеңінен түсіндірілді. Кездесу мазмұны тек заңнамалық түсіндірумен шектелмей, білім кеңістігіндегі жауапкершілік, жас ұрпақтың құндылықтық бағдары және құқықтық мәдениетті күшейту мәселелерін де қамтыды.

Іс-шараға Техникалық колледж директоры Абай Барманқұлұлы, Айдын Нұртасұлы, Serpin-Expo компаниясының директоры Тәңірберген Дәулет және Тілес Талғат қатысты. Спикерлер өз сөздерінде Конституциядағы өзгерістердің түпкі мақсаты – адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, білім саласының беделін арттыру және қоғамдағы тұрақты дамуға негіз болатын институттарды нығайту екенін атап өтті. Әсіресе педагогтердің құқықтық қорғалуы, отбасы мен неке институтына қатысты баптардың енгізілуі, сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың қоғамдық ой-пікір қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.

«Жаңа өзгерістердің түпкі мәні – адам құқығын қорғау, ұстаз мәртебесін арттыру және отбасы құндылықтарын нығайту. Бұл – болашаққа бағытталған нақты қадам», – деді Абай Барманқұлұлы «Техникалық колледжі» МКҚК директоры

«Конституциялық өзгерістер қоғам сұранысынан туындап отыр. Жастарға, педагогтерге және отбасы институтына қатысты нормалардың ашық талқылануы – болашаққа жауапкершілікпен қараудың көрінісі»,Тәңірберген Дәулет

Кездесу барысында мереке күндерінің мәні, ұлттық бірегейлік, қоғамдық келісім және тәрбие кеңістігіндегі ортақ жауапкершілік төңірегінде де пікір алмасу болды. Қатысушылар Жаңа Конституция жобасы құқықтық құжат қана емес, ел болашағына қатысты стратегиялық бағдар екенін атап өтті. Осындай мазмұнды кездесулер жастармен және білім ұйымдарының ұжымымен тікелей диалог орнатуға, жаңа өзгерістердің мәнін нақты түсіндіруге және қоғамда саналы азаматтық ұстанымды нығайтуға жол ашады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button