Ел тынысы

Жаңа өнімнің 777 мың тоннасы экспортталды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ алдын ала мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 1–25 қыркүйек аралығында жаңа өнім астығын тасымалдау көлемі 1 млн тоннаны құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артты (878 мың тонна), деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жалпы тасымал көлемінің 258 мың тоннасы ішкі сұранысқа бағытталса (2024 жылы — 155 мың тонна), 777 мың тоннасы экспортқа жөнелтілді (өткен жылы — 723 мың тонна).

Айта кету керек, көршілес елдерге астық жеткізу көлемі артып келеді: Мәселен, Өзбекстанға — 31%-ға (250 мың тоннадан 327 мың тоннаға дейін), Тәжікстанға — 15%-ға (116 мың тоннадан 133 мың тоннаға дейін), Қырғызстанға — 42%-ға (6 мың тоннадан 25 мың тоннаға дейін), Әзербайжанға — 2 есеге артып, 12 мың тоннаға дейін жеткізілді.

Бұл жоғары өнімділіктің, қазақстандық астыққа сыртқы нарықтағы тұрақты сұраныстың және оның ішінде теміржол көлігі қамтамасыз етіп отырған логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін көрсетеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық сала өкілдерін қолдау, экспорттық бағыттарды кеңейту және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды жалғастыруда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button