Жаңа өмір бастауының символы

Наурыз – табиғаттың жаңаруының, жаңа өмірдің бастауының, бірлік пен келісімнің символы. Тамыры терең тарихтан бастау алатын бұл жарқын мереке үмітті, береке-бірлікті және игі өзгерістерге ұмтылысты білдіреді. Осындай күндері біз ата-баба дәстүрлеріне деген құрметімізді арттырып, ұрпақтар сабақтастығын ерекше сезінеміз.
Наурыз әр шаңыраққа жылулық, қуаныш пен молшылық әкелсін! Табиғатпен бірге жаңарып, армандарыңыз асқақтап, болашаққа деген сенімдеріңіз нығая берсін. Әр отбасыда татулық, түсіністік пен амандық орнасын.
Елордамыздың қонақтарына ерекше ізгі тілектерімді білдіремін. Бұл мереке сіздерге көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсерлер сыйлап, халқымыздың кең пейілді қонақжайлығын сезінуге мүмкіндік берсін.
Жаңа жыл баршаңызға толайым табыс, игі бастамалар мен жетістіктер әкелсін! Зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен өркендеу тілеймін!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ләззат РАЗБЕКОВА,
Астана қаласы мәслихатының депутаты



