
Астанада 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық аясында жаңа Конституцияны қолдауға арналған патриоттық акция өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияның елордалық филиалына сілтеме жасап.
Оған қала жастарының, волонтерлердің, қоғамдық белсенділер мен спортшылардың 1000-нан астам өкілі қатысты.
Акция аясында қатысушылар Қазақстан Республикасының туын және жаңа Конституцияны қолдайтын туын желбіретіп, символдық «белгі қою» бейнесінде орналасып, алдағы референдумға қолдау көрсетті.
Айта кетейік, Астанада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша түсіндіру іс-шаралары өтіп жатыр.



