Ел тынысыСаясат

Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері түсіндірілді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Астана қаласына іргелес жатқан Қосшы қаласында  «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы және кешенді реформалар» тақырыбында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сараптамалық кездесуі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, іс-шара модераторы Гүлісхан Нахбаеваның айтуынша, кездесу жаңа конституция жобасының негізгі ережелерін талдауға, мемлекеттің неғұрлым әділ, құқықтық және адамға бағдарланған моделіне көшуді көрсететін жүйелі реформаларды талқылауға, сондай-ақ шешімдер қабылдау үдерістеріндегі және қоғамдық диалог институттарын дамытудағы жастардың рөлін талқылауға бағытталған.

Отырыста сөз алған Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев жаңа Конституцияның жобасы Қазақстанның болашақ ұрпақ алдындағы әділдігі мен жауапкершілігі қағидаттарына негізделгенін атап өтті.

Сараптамалық кездесу барысында депутаттар, зерттеу институттарының басшылары, заңгерлер мен профессорлар жастармен пікір алмасып, конституциялық өзгерістердің мазмұны және олардың елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін маңызы туралы айтылды.
Спикерлер, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских мемлекет дамуының стратегиялық бағыты ретінде конституциялық реформалар туралы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова заңнамалық реформалар және олардың қоғамдық маңызын, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Ермек Әбдірасұлов конституциялық өзгерістердің ғылыми-құқықтық негіздері жөнінде, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Луиза Узарова әлеуметтік процестер контекстіндегі Қоғамдық келісім және қоғамдық диалог мәселелерін және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қорытынды-аналитикалық сектор меңгерушісі, саяси ғылымдарының кандидаты Дастан Кошербаев жаңа конституциялық реформалар мемлекеттік басқару жүйесінің трансформациясы жайлы талқылады.

Аталмыш шараға, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бейіндік комитеттерінің, ғылыми-зерттеу институттарының, Қосшы қаласы әкімдігінің, Жастар ресурстық орталықтарының, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, еріктілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Жастар» ҒЗО мемлекеттік органдарды, ғылыми қоғамдастық пен жастарды біріктіретін сараптамалық алаң ретінде әрекет етеді және дәлелді жастар саясатын, қоғамдық диалогты және ұзақ мерзімді стратегиялық шешімдерді дамытуға назар аударады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button