Ел тынысыСаясат

Жаңа Конституция жобасын кеңінен түсіндірді

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің Қалалық көп салалы фтизиопульмонология және ішкі аурулар орталығында «Amanat» партиясының өкілдері Айсұлу Мақашева мен Бибігүл Ысқақованың қатысуымен референдум бойынша түсіндіру іс-шарасы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құжаттың негізгі ережелеріне, «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясын құру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында преамбуладағы мемлекеттің негізгі құндылықтары, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің құқықтары мен мүддесіне  қатысты 27-баптың нормалары түсіндірілді. Сонымен қатар құқықтық мемлекет қағидаттарының негізі болып табылатын заң мен тәртіпті нығайту мәселелері де айтылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button