Елордадағы патологоанатомиялық бюросында жаңа Конституция жобасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады astana-akshamy.kz.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы жан-жақты таныстырылды. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігі қағидатын нығайту, сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Спикерлер конституциялық өзгерістердің демократиялық институттарды одан әрі дамытуға, әділеттілік қағидаттарын нығайтуға және мемлекетті басқаруда азаматтардың рөлін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасын талқылады.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар қоғамдық-саяси үдерістерге азаматтардың белсенді қатысуының және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.



