Ел тынысыСаясат

Жаңа Конституция жобасы IT қауымдастығы өкілдерімен өткен жиында талқыланды

Елордадағы №3 мектеп-гимназиясында «Digital MED 365» және «iTeam Solutions Perfect» IT-компаниялары қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Талқылауға мектеп педагогтері де қосылып, диалогқа белсенді қатысты.

Кездесудің спикерлері ретінде Астана қаласы мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ШЖҚ РМК «Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» директоры Динара Уразалина, сондай-ақ «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық коалициясының мүшелері Танирберген-Дәулет Дулатұлы және Чинара Шамсудинова сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері түсіндіріліп, ұсынылып отырған өзгерістер мен олардың елдің одан әрі дамуы, құқықтық институттарды нығайту және қоғамдық-мемлекеттік процестердің ашықтығын арттырудағы маңызы қарастырылды. Сондай-ақ ашық қоғамдық диалогтың маңыздылығына және стратегиялық мәні бар шешімдерді талқылауда азаматтардың қатысу рөліне ерекше назар аударылды.

Іс-шара форматы қатысушыларға сұрақтар қойып, пікір алмасуға және конституциялық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. IT-компания өкілдері ұсынылып отырған өзгерістердің маңызды екенін атап өтіп, олардың қоғам тарапынан саналы әрі жауапты көзқараспен қаралуы қажеттігін жеткізді.

Сонымен қатар 15 наурызда жалпыұлттық референдум өтетіні, онда әрбір азамат өз ұстанымын білдіріп, дауыс бере алатыны атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар еңбек ұжымдары, кәсіби қауымдастықтар және азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен осындай диалог алаңдарын одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button