Ел тынысыСаясат

Жаңа Конституция және цифрлық болашақ: «Қазақтелеком» қызметкерлерімен ашық диалог өтті

Жалпыұлттық коалицияның Астана қалалық филиалының өкілдері «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесіп, Жаңа Конституция жобасы түсіндірілді. Диалог алаңында цифрлық даму, азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік басқаруды жаңғырту мәселелері көтерілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесуге медиаменеджер, Serpin-Expo компаниясының директоры, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында белсенді жұмыс атқарып жүрген Тәңірберген Даулет, сондай-ақ «Тенгри» спорт академиясының басшысы, кәсіпкер Амангүл Базарова қатысты.

Спикерлер Жаңа Конституция жобасында цифрлық даму мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде айқындалғанын атап өтті.

«Цифрландыру – тек технология емес, ол азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтетін маңызды құрал. Жаңа Конституцияда цифрлық ортадағы қауіпсіздік пен құқықтық қорғау нақты бекітілуі – қоғам дамуы үшін маңызды қадам», – деді Тәңірберген Даулет.

Өз кезегінде Амангүл Базарова жаңа реформалардың мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

«Конституциялық жаңғыру – қоғамдағы ашықтықты күшейтіп, мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл елдің тұрақты дамуына және азаматтардың құқықтық мәдениетін нығайтуға жол ашады», –деді кәсіпкер.

Еске сала кетейік, «Қазақтелеком» АҚ — Қазақстандағы ең ірі телекоммуникациялық оператор. Компания тіркелген және ұялы байланыс қызметтерін, жоғары жылдамдықты интернетті, цифрлық теледидарды және түрлі IT-қызметтерді ұсынады.

Жаңа Конституция жобасында еңбек құқығы азаматтардың негізгі әлеуметтік құқықтарының бірі ретінде айқын көрсетілген. Құжатта әр адамның еңбек етуге, қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайына, әділ еңбекақы алуға, сондай-ақ жұмыссыздықтан қорғалуға құқығы бекітіледі. Сонымен қатар азаматтардың демалу құқығы мен әлеуметтік кепілдіктері заңмен қамтамасыз етілетіні атап өтілген.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button